Еңбектері

Есімі - ел есінде

110 жыл

Павлодар қаласында атақты ғалым Әбікен Бектұровтың 110 жылдығы аталып өтті

ПАВЛОДАР. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласында академик Әбікен Бектұровтың ескерткішіне гүл қойылды.

Оған оқытушылар мен студенттер, ғалымның туыстары сондай-ақ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушылары келді. Айта кетейік, өткізіліп отырған шара атақты ғалымның ғылыми шығармашылығына арналған. 

«Ә. Бектұровтың еткен еңбегі бүгінгі күні де маңызын жойған жоқ, - деп атап өтті Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Арын. - Ол Қаныш Сәтбаев, Әлікей Марғұлан сынды атақты ғалымдармен бірге Қазақстанның ғылымын құрып, өзіндік үлесін қосқан ірі химик ғалым және ұйымдастырушы болды».

Бүгінгі күні ғалымның туған жерінде химия саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, Павлодар қаласында мұнайхимиялық зауыттың жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Онда мембраналық тәсілмен сода және хлор шығаратын жаңа өндіріс орны іске қосылды. Айта кетейік, бұл республикамызда салынған полистирол және метил-трет-бутилдік эфир шығаратын алғашқы кәсіпорын. Сондай-ақ жаңа химия өнімдерін шығаратын экономикалық аймақ құрылып жатыр.

Облыс орталығындағы көшелердің біріне атақты ғалымның есімі беріліп, мемлекеттік университеттің аумағында Ә. Бектұровтың ескерткіші қойылған.  Оған қоса,  академик Бектұров атындағы шәкіртақы тағайындалған.

 

http://www.inform.kz/kaz/article/2424668

Институт

Химия ғылымдарының институты 1945 жылы мамыр айында Химия-металлургиялық институт химиялық лабораториясының негізінде ұйымдастырылды және 1946 жылы басқа ғылыми-зерттеу институттарымен бірге ұйымдастырылған Қазақ ССР ғылым Академиясының құрамына кірді.

Институттың алғашқы директоры 1945–1946 жж. академик М.И.Горяев, 1946–1968 жж. профессор, академик Ә.Б.Бектұров, 1968–1988 жж. академик Б.А.Жұбанов болды. 1988 жылдан академик Е.Е.Ерғожин басшылық етеді.

1991 жылдан Қазақстан Химия ғылымдары институты Бектұровтың есімімен аталады.

 

Көше

Бек­тұров атын­дағы көше (Ал­ма­ты)

Көше­ге мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, тех­ни­ка ғылым­да­рының док­то­ры, про­фес­сор, Қазақстан Ғылым Ака­деми­ясы­ның ака­демигі, Қазақстан­ның еңбек сіңірген ғылым қай­рат­кері Әбікен Бектұрұлы Бектұров­тың есімі берілген.

Көше Ме­деу ауда­нын­да ор­на­ласқан. Көшенің ұзын­дығы — 700 метр

 

 

 

 

http://www.tarih.spring.kz/kk/history/postwar/figures/bekturov/

Ескерткіш

Академик Ә.Бектұровқа туған жері – Баянауылда жерлестері ескерткіш орнатты


Павлодар облысының Баянауыл ауылында қазақтың көрнекті ғалымы, академик Әбікен Бектұровқа (1901-1985) ескерткіш ашылды.

Ә.Бектұров - химия саласындағы зерттеулермен айналысқан, минералдар мен табиғи тұздарды өңдеу технологиясын жасаған ғалым.

Академиктің шәкірттерімен бірге ескерткіштің ашылу рәсіміне келген институт директоры Қажымұқан Арынов, Қазақстан ғылымын дамытудағы Ә.Бектұровтың ролін, қазіргі заманғы ғалымдар үшін оның еңбектерінің маңызын атап көрсетті.

Ғалымның тастан қашалған ескерткіші Баянауыл жерінде дүниеге келген танымал қазақстандықтарға арналған монументтер галлереясын толықтырып отыр.

01.07.2008

http://www.pavlodar.gov.kz/page.php?page_id=190&lang=2&news_id=3631

Көше атауының өзгертілуі

Советтер көшесі - Әбікен Бектұров болып өзгертілуіне Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын көп күш салды.

 

 

 

http://masa.kz/article/view/id/2976

Фотомұрағат

Марапаттаулар

Іздеу

Онлайн қонақтар

Қазір 11 қонақ және сайтта тіркелген бірде-бір қоңақ жоқ сайтта