Еңбектері

Бөлім 1

Бектұров Әбікен Бектұрұлы 1901 ж. 25 желтоқсанында Павлодар облысының Баянауыл ауданының № 8 ауылында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын, Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген.1935 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы, факультет деканы, Химия ғылымдары институтының директоры, анорганикалық синтез зертханасының және анорганикалық химия бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Ғылым академиясы Минералдық қор бөлімінің академик-хатшысы қызметтерін атқарды.…

Бөлім 2

атқарды. Академик Қазақ мемлекеттік университеті химия факультетінің бірінші деканы, республикада химиядан білім берудің ізашарларының бірі, Химия ғылымдары институтын құрушы және оның бірінші басшысы, сондай-ақ республиканың бірінші академигі Қаныш Сәтбаевпен бірге Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі болды. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері минералды тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Бектұров фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық…

Бөлім 3

азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып енгізді, Қаратау фосфоритінен минералды тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі. Академиктің 400-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 3 монографиясы жарық көрген және 30-дан астам өнертабысы бар. Оның жетекшілігімен 40-тан астам ғылым кандидаты және көптеген докторы диссертация қорғады. 1986 жылдан бастап дәстүрлі Бектұров оқулары өтіп тұрады. 2001 жылы ұлы ғалымның туғанына 100 жыл толуына орай «Ә.Бектұров аса көрнекті ғалым, Қазақстанда химия ғылымының және білімінің…

Бөлім 4

білімінің негізін қалаушы» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтті. 1991 жылы Химия ғылымдары институтына, Павлодар қаласының орталық көшелерінің біріне ғалымның есімі берілді. 2008 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауылында ескерткіші ашылды. «Ленин», «Қазан төңкерісі», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен, Құрмет грамоталарымен маратталған.…

Фотомұрағат

Марапаттаулар

Іздеу

Онлайн қонақтар

Қазір 8 қонақ және сайтта тіркелген бірде-бір қоңақ жоқ сайтта